Ресей газын жеткізуде тағы да іркілістер болады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Германия Канцлері Олаф Шольц осылай деп мәлімдеді. Маусым айында «Газпром» «Солтүстік ағын» құбырымен тасымалданатын газ көлемін 40 процентке дейін азайтқаны белгілі. Кейін құбырды жөндеуге жапты.
Ал шілде айының соңында турбинаны жөндеу қажет деп, газ көлемін 20 процентке дейін төмендетті. Алайда Германия билігі «Газпром» келісім-шарттың орындалуында саяси астар бар деп есептейді. Бүгін канцлер «Солтүстік ағын» құбырының турбинасы тұрған Сименс зауытына арнайы барған. Өндіріс техникалық қызметтен өткен. Ресейден газ жеткізуге дайын.
Айта кету керек, энергия тапшылығына байланысты Германия билігі кондиционерлер мен жылытқыштарды мүмкіндігінше аз қолдануға шақырып отыр. Сондай-ақ кей қалаларда түнгі уақытта ғимараттарды жарықтандырмайтын болған.
Еуропаға кедергісіз газ жеткізуге болады. Бұған бөгет болар техникалық себеп жоқ. Тап осы жерде бұған көз жеткізуге болады. Турбина тапсыруға дайын тұр. Оны Ресейге тасымалдау үшін еш кедергі жоқ, өз жағымыздан барлық рұқсат қағаз бар, – деді Германия Канцлері Олаф Шольц.