Ресейден әкелінген жарты тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды

14 Маусым 2024, 10:36
1053
Бөлісу:
Ресейден әкелінген жарты тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды
Фото: Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясының Орал аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен межелі орнында екінші қайтара тексеріс жүргізу барысында, Ресей Федерациясынан келген 0,5 тонна қызанақ өнімінен карантиндік нысан - қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (ToBRFV) анықталды.

Жоғарыда аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тәртібімен сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес сотпен айыппұл салынды.Сақтауда тұрған карантиндік қызанақ өнімі сот қаулысына сәйкес жоюға жатады,- деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы