Ресейдегі шиеленіс: Ақ үй не дейді?

24 Маусым 2023, 15:22
3565
Бөлісу:
Ресейдегі шиеленіс: Ақ үй не дейді?
Фото: Mark Makela / Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдегі жағдайдың шиеленісуі туралы біледі. Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Адам Ходж осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі CNN арнасына сілтеме жасап.

Жұма күні кешке Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Адам Ходж АҚШ президенті Джо Байденге Ресейдегі жағдай туралы ақпарат берілгенін айтты.

Біз жағдайды қадағалап отырмыз және осы оқиғалар бойынша одақтастар әрі серіктестерімізбен кеңесетін боламыз, - деді Ходж. 

CNN ақпаратына сүйенсек, жыл басында Ресейдің Украинаға басып басқыншылығы тоқтап қалған кезде, Ақ үй шенеуніктері Кремль мен Вагнер тобының басшысы Евгений Пригожин арасындағы шиеленіс белгілерін байқаған.

Америкалық бақылаушылар қаңтар айында жеке әскери құрам Вагнер мен Ресей үкіметі арасында билік үшін күрес жүріп жатқанын анықтаған. Сол уақыттан бері құбылмалы динамика туралы мәліметтер жинап, мұқият қадағалап келеді.

Пригожин сондай-ақ өзінің шағымдарын көпшілік алдында жиі жариялап, соңғы айларда Мәскеудің әскери басшылығына, әсіресе қорғаныс министрі Сергей Шойгуға және Ресей қарулы күштерінің қолбасшысы генералға қарсы көптеген хабарлама мен бейнематериал жария еткен. 
 

Өзгелердің жаңалығы