Ресейдің Рязань облысындағы әскери зауытта болған жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 15 тамызда "Эластик" зауытындағы ұнтақ цехында тіркелген. Құтқарушылар әлі күнге дейін үйінділерді аршып жатыр. Соңғы деректерге сәйкес, 149 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.
Алдын ала болжам бойынша, жарылыстың себебі – өндірістегі қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы. Дегенмен оқиғаның нақты мән-жайы тергеліп жатыр.
Бастапқыда жергілікті билік жарылысты "цехтағы өрт" деп атаған. "Эластик" зауыты ресми деректерге сай қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын өндіріс орны болып саналады.
18 тамыз Рязань облысында ресми түрде аза тұту күні болып жарияланды.