Ресейдің Воркут-Новороссийск жолаушылар пойызының тоғыз вагоны Коми Республикасындағы Инта-1-Угольный өткелігінде рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
РТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, апат орнына шұғыл қызмет жөнелтіліп, жолаушыларға тиісті көмек көрсетіліп жатыр.
26 маусым сағат 20:12-де (Астана уақыты бойынша) Инта-1-Угольный Северной теміржолының өткелігінде (Коми Республикасы) №511 Воркут-Новороссийск жолаушылар пойызының 9 вагоны апатқа ұшырады, - делінген хабарламада.
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары ТЖ кезінде 10 адамның зардап шеккенін жазуда.
Тергеу комитеті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.