Ресейде жаңа көліктердің сатылымы 83,5 процентке құлдырады

13 Маусым 2022, 08:39
1695
Бөлісу:
Ресейде жаңа көліктердің сатылымы 83,5 процентке құлдырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамырдың қорытындысы бойынша Ресейде жаңа көліктердің саудасы 83,5 процентке төмендеп, антирекорд тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар бұған бағаның қымбаттауы себеп дейді. Оның үстіне Украинадағы шиеленіс салдарынан логистикалық қиындықтар туындаған. Сарапшылар ендігі сатылатын қолда бар жаңа көліктер әрі кетсе, қыркүйекке дейін ғана жететінін айтады. Олар ушығатын жағдай әлі алда дейді.

Болжам бойынша жыл соңына таман Ресейде автодилер саны екі есе қысқаруы мүмкін. Қазір 3200-ден аса компания болса, биыл қыста соның тек бір жарым мыңдайы ғана қалады деген күдік бар. Өйткені Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты бірнеше автоконцерн елден кетті. Санкциялар салдарынан өндіріс тоқтады. Оның үстіне қосалқы бөлшектер де тапшы.

Өзгелердің жаңалығы