Ресейде қазақ тілі мұғалімдерінің халықаралық сайысы өтеді

23 Желтоқсан 2019, 13:32
3864
Бөлісу:
Ресейде қазақ тілі мұғалімдерінің халықаралық сайысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл хабарлама жақында Баян-Өлгий аймағында қазақ тілі мұғалімдері арасында өткен сайыстың қорытындысынан кейін жарияланды.

Жақында Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағында Ресейдің Қош-ағаш өлкесі мен Баян-Өлгий аймағындағы мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаздар арасында халықаралық сайыс өтті.

Ұстаздардың біліктілігін, білім туралы заңды меңгеру ерекшеліктерін, өзара тәжірибе алмасуды негіздеу мақсатында өткен сайыста 15-ке жуық мұғалім бақ сынады.

Оқытушылар байқау ережесіне сай өздерін таныстырып, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап және ұстаздық тәжірибесі мен сабақ өту ерекшелігін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен Баян-Өлгий аймағындағы "Дарын" мамандандырылған мектебінің мұғалімі З.Бақытбек жеңімпаз атанды. 

Сонымен қатар Сақсай ауданы №1 жалпы орта мектебінің оқытушысы Н.Мая екінші, Ресей Федерациясының Қош-ағаш өлкесінен келген ұстаз А.Карина үшінші орын иеленді. 

Мұнан бөлек, Баян-Өлгий аймағының тәжірибелік №3 мектебінің ұстазы Т.Аманжол, "Заид" мектебінің мұғалімі Е.Еркегүл, Цэнгэл ауданыны №1 орта мектебінің мұғалімі Х.Еркежан, Ұланқұс ауданы №2 орта мектебінің оқытушысы К.Аманкелділер жүлделі орынға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша аталған сайыс 2020 жылы Ресей Федерациясының Қош-ағаш өлкесінде өтетін болды.

Өзгелердің жаңалығы