Ресейде бүкіләлемдік универсиада өтеді

3 Шілде 2019, 09:40
1882
Бөлісу:
 Ресейде бүкіләлемдік универсиада өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық университет спорты федерациясының отырысында Атқарушы комитет 2023 жылғы жазғы Универсиаданың астанасын таңдады, деп хабарлады olympic.kz.

Қатысушылар бірауыздан Ресейдің Екатеринбург қаласына дауыс берген. Наепольда өткен отырыста Ресейдің ірі спорттық жарыстарды өткізуден тәжірибесі мол екендігіне басымдық берілді.

Атап айтар болсақ, көрші елде футболдан әлем чемпионаты, қысқы және жазғы универсиада ойындары мен олимпиада өткен болатын. 2013 жылы Ресейдің Қазан қаласында жазғы Универсиада өтсе, 2019 жылы Красноярскіде студенттердің қысқы ойындары ұйымдастырылды.   
Өзгелердің жаңалығы