Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны Ирандағы көрсеткіштен асып түсті, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Бір тәулікте Ресейдің 83 өңірінде коронавирусты жұқтырған тағы 6 411 адам анықталды. Қазіргі таңда Ресейде бұл вирусты 93 558 адам жұқтырған, осылайша Ирандағы көрсеткіштен асып, дүниежүзі бойынша сегізінші орында тұр.Бұған қоса, Ресейде бір тәулікте пандемия басталғалы ең көп өлім-жітім тіркелді – 72 адам. Жалпы қауіпті індеттің салдарынан 867 адам көз жұмып, 1 110 адам вирусты жеңіп, сауығып шыққан.