Ресейде бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

6 Сәуір 2020, 14:39
1490
Бөлісу:
Ресейде бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте Ресейде 954 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы коронавирустың таралуына қарсы құрылған жедел штаб хабарлады.

Осылайша бұл елде ауырғандар саны 6343 жетті. Сондай-ақ инфекция РФ-ның 80 өңірінен шығып отыр. 

Сонымен қатар соңғы тәулікте қауіпті індеттен екі адам көз жұмған, барлығы 47 адам өлген. Мерт болған науқастың бірі Коми Республикасында, екіншісі Мәскеу маңында тіркелген. 

Жаңадан анықталған науқастардың 590-ы Мәскеу қаласының тұрғындары. Сондай-ақ инфекция жұқтырғандардың 85 пайызы 65 жастан төмен екенін айтылды. Оның ішінде 30 бала бар.

Науқастардың барлығы және олармен байланыста болғандар дәрігерлердің бақылауына алынды.
Өзгелердің жаңалығы