Ресейде бір күнде 58 адам инфекциядан көз жұмды

3 Мамыр 2020, 14:32
1008
Бөлісу:
Ресейде бір күнде 58 адам инфекциядан көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Ресей Федерациясында 58 адам коронавирустан мерт болды. Бұл туралы елдің жедел штабы хабарлады.

Соңғы тәулікте Ресейдің 85 аймағынан 10 633 адамның коронавиурс жұқтырғаны анықталды. Олардың 50%-ында ауру белгісі болмаған. Сондай-ақ бір тәулікте 1626 адам жазылып шыққан.

3 мамырдағы жағдай бойынша Ресейде вирус жұқтырғандар саны 134 678 адам, жазылғандар 16 639, мерт болғандар саны 1280.
Эпидемия басталғалы елде 4 миллоннан астам адам коронавиурсқа қарсы тесттен өткен.

Өзгелердің жаңалығы