Ресейде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокс турнирі өтті

21 Желтоқсан 2021, 13:18
1184
Бөлісу:
Ресейде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокс турнирі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу түбіндегі шайқастың 80 жылдығына орайластырылған бұл жарысты қандастарымыз ұйымдастырды, деп хабарлайды 24.kz.

Үш күнге жалғасқан сайыста қазақ, өзбек және Ресей командалары өзара мықтыны анықтады.

Турнир жақсы өтті. Жылдан жылға дамитынына үміттіміз. Келер жылы да жарысқа қатысып, биылғыдай екі адам емес, толық құраммен келеміз, – деді бапкер Руслан Әбілов.

Жастарымыз, халқымыз Мәскеуді кім қорғап, қан төкеннін білсін деп, осы шараны өткіздік. Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық қаһарманға алғысымызды айтамыз, – деді турнир қонағы Ақсайын Намазов.

Өзгелердің жаңалығы