Ресейде 21 қыркүйек Аза тұту күні болып жарияланды

20 Қыркүйек 2021, 17:14
7234
Бөлісу:
Ресейде 21 қыркүйек Аза тұту күні болып жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Студенттер арасында атыс болған Пермь аумағында 21 қыркүйек күні қаза болғандарды аза тұту күні деп жарияланды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ертең Пермь өлкесінде аза тұту күні жарияланады, - деді аудан губернаторы Дмитрий Махонин.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Пермь мемлекеттік университетінде белгісіз біреу травматикалық қарудан оқ атқанын хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандар саны 8 адамға жеткен. Қазіргі таңда атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы