Ресей жаңа баллистикалық зымыранды сынады

21 Сәуір 2022, 15:27
1742
Бөлісу:
Ресей жаңа баллистикалық зымыранды сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ресей «Сармат» деп аталатын жаңа құрлық-аралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлады «Хабар 24». 

Шараны президент Владимир Путиннің өзі бақылады. Осы елдің Қорғаныс министрлігінің айтуынша, жаңа зымыран алыс қашықтықтағы кез келген нысанды жоя алады. 

Оқиаға байланысты АҚШ Қорғаныс министрлігі Ресей тарапы сынаққа қатысты алдын ала ескерткенін және шара ешқандай қауіп төндірмейтінін жеткізді. 

Бұл Ресей әскері үшін елеулі оқиға. Жаңа кешен техникалық артықшылықтармен ерекшеленеді. Ол кез келген зымыранға қарсы жүйені айналып өте алады. Қазір әлемде бұған балама қару жоқ. Жуық арада пайда бола қоймас, - деді Ресей президенті  Владимир Путин.
 

Өзгелердің жаңалығы