Ресей Украинаға ауқымды әуе шабуылын жасады: Кемінде 18 адам қаза тапты

Украина тарапы 659 дрон мен 44 зымыранның басым бөлігі жойылғанын, бірақ 26 елді мекенде тікелей соққылар болғанын хабарлады.

 AP Photo / Shandyba Mykyta Бүгiн 2026, 00:30
Бүгiн 2026, 00:30
164
Фото: AP Photo / Shandyba Mykyta

Ресей бір түнде Украинаға 700-ден астам дрон мен зымыран ұшырды. Жергілікті билік мәліметінше, соққы салдарынан кемінде 18 адам қаза тауып, ондағаны жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың ең көбі Одессада (9), Днепрде (5) және Киевте (4) тіркелген. Киевте көпқабатты үйлерге зақым келіп, құтқарушылар үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстарын жүргізді.

Украина тарапы 659 дрон мен 44 зымыранның басым бөлігі жойылғанын, бірақ 26 елді мекенде тікелей соққылар болғанын хабарлады.

Украина билігі шабуылды «әскери қылмыс» деп атап, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды. Ресей тарапы да Украина дрондарының Краснодар өлкесіндегі шабуылынан екі адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Наверх