Ресей-Украина арасы. Ердоғанның пікірі қандай?

13 Қазан 2022, 12:56
1984
Бөлісу:
Ресей-Украина арасы. Ердоғанның пікірі қандай?

Қауіпсіздіктің жаһандық архитектурасы неғұрлым әділ және әділ түсіністік негізінде қалыптасуы керек. Бұл туралы АӨСШК елдерінің саммитінде Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімеді, - деп хабарлайды BAQ,KZ тілшісі.

Ердоған адамзаттың ортақ сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанын және пандемия мұны айқын көрсеткенін атап өтті.

Біздің мәселелеріміз - ортақ. Мұны ортақ ақылмен шешім табуымыз керек, - деді Режеп Тайып Ердоған.

Ол терроризмнің таралуына ерекше назар аударып, Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатудың маңыздылығына тоқталды.

Қауіпсіздіктің жаһандық архитектурасы неғұрлым әділ және әділ түсіністік негізінде қалыптасуы керек, - деді Түркия басшысы.

Режеп Тайып Ердоған Украинадағы қақтығысқа да тоқталып, қантөгісті тезірек тоқтату керектігін айтты. Ол Түркияның өз ішінде ішінде азық-түлік мәселелерін шешуге күш салып жатқанын айтып өтті.

Біздің бәріміз Украинадағы дағдарыстан кейінгі салдарды аймақтық және жаһандық деңгейде көріп отырмыз. Мен әрдайым бейбітшілікке тек дипломатия арқылы ғана қол жеткізуге болатынын айтып келемін. Қазіргі әділетті әлемдегі соғыста жеңімпаз болмайды. Екінші жағынан, соғыстың салдарын жоюға бағытталған біздің БҰҰ-мен бірге күш-жігеріміз бүкіл әлемді мойындатып жатыр, - деді Ердоған.

Жәнеде Қара теңіз арқылы украиналық ұнның экспорты туралы сөз қозғады.

Біздің мақсатымыз – қандай жердегі қиындықтарға қарамастан қол жеткізілген қарқынды сақтап қалу және бітімге қол жеткізіп, қантөгісті тезірек тоқтату, - деді Ердоған.

Сонымен қатар самиттегі елдер ынтымақтастығын ілгерлетуі мақсатында Түркия Президенті көлік-логистика саласы – мультимодальды көлік дәліздерін дамыту, заманауи «Жібек жолын» қалыптастыруға жәрдемдесу мәселелерін де атады. 

Өзгелердің жаңалығы