Ресей сүтін Қазақстанға әкелуге шектеу қойылды

30 Мамыр 2023, 16:20
814
Бөлісу:
Ресей сүтін Қазақстанға әкелуге шектеу қойылды
Фото: Ақорда

Қазақстан ресейлік «Саратов сүт зауыты» ЖШС кәсіпорнынан «Добрая Буренка» сүтін әкелуге уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен бірлесіп, «Добрая буренка» сүт өнімдерінің май қышқылдарының құрамында бірнеше рет сәйкессіздік анықтады. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 26 мамырынан бастап аталған өнімдерге «уақытша шектеулі» режим енгізілді.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Respublica» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров шетелдік тасымалдаушылардың сүт өнімдерін заңсыз әкеліп, демпингке түсіру мәселесін көтерген болатын.

Оның айтуынша, бұл жағдайға Ресей Федерациясындағы құрғақ сүттің көптігі себеп. Бұл ресейліктердің шикі сүт өндірісін ұлғайтуымен, йогурт пен ірімшік сияқты қымбат өнімдерді сатудың азаюымен байланысты болды.

Ресейлік сүт зауыттары арзанырақ өнімдерді, оның ішінде құрғақ сүтті өндіруді арттырды. Оның бағасы жыл басынан бері 2 еседен астам құлдырады. Бағаның құлдырауына мамандар жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді сату қажеттігін алға тартады.

2022 жылдың аяғында майсыздандырылған құрғақ сүт қоры бір жыл бұрынғыдан 4 есе көп. Қазақстан Ресей Федерациясы сүт өнімдерін сататын негізгі нарықтардың бірі болып табылады, ал артық өнімдер Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарына жіберіледі. Нарықтық жеткіліксіздіктен ресейлік тасымалдаушылар қазақстандық сауда желілерін басып, супермаркет сөрелерін сатып алып, отандық өндірушілерді ығысуға мәжбүр етті, - деді депутат.

Ағымдағы жағдайды түзету шараларының қатарында депутат А.Қожаназаров импортталатын сүт өнімдеріне күшейтілген зертханалық бақылауды енгізуді ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы