Ресейде өзіне қол жұмсаған шымкенттіктің мүрдесі елге әкелінеді – СІМ

4 Ақпан 2019, 17:05
2786
Бөлісу:
Ресейде өзіне қол жұмсаған шымкенттіктің мүрдесі елге әкелінеді – СІМ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров апта сайынғы брифинг барысында айтты.

«Қайғылы оқиға 30 қаңтарда болды. Шынымен де, жігіт тікелей эфирде қайтыс болды. Осы жақында мүрдесі тексерілді. Оның денесінен зорлықпен өлтіруге байланысты ешқандай белгі анықталған жоқ. Ресей Федерациясының құқыққорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын күндері туыстары Шымкентке алып кетеді. Біздің консулдарымыз туыстарымен және жергілікті полициямен тікелей байланыста отыр. Қажетті көмекті көрсетіп жатыр», - деді Айбек Смадияров.

Әлеуметтік желіде оны Қазақстанға әкелу үшін ақша жинайық деген ақпарат тараған болатын. 

«Қазір бұл мәселе туыстарымен келісіліп жатыр. Қанша қаражат керек екені әуе компаниясының қызметіне байланысты болады. Ол 18 жаста болған. 26 қаңтарда Шымкенттен Новый Уренгойға кеткен. 30-ы күні осы қайғылы жағдай орын алды. Толығырақ тағы айтамыз», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Бұған дейін Айбек Смадияров Дели әуежайында әуе билетін қолдан жасағаны үшін жергілікті полиция Қазақстан азаматын ұстағанын мәлімдеген болатын.

Рахиля Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы