«Ресей Орталық Азияға қауіп төндіріп тұр ма?» – АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы пікір білдірді

28 Ақпан 2023, 20:10
2056
Бөлісу:
«Ресей Орталық Азияға қауіп төндіріп тұр ма?» – АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы пікір білдірді
Фото: автордан

Ресей агрессиясына барлық ел қарсы шығуы керек. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

СІМ-де болған брифингте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысына журналистер тарапынан сұрақ қойылды.

Украинадағы мағынасыз және әділетсіз соғыстың жүріп жатқанына 1 жыл болды. Осыны ескерсек, Ресейдің қазіргі саясаты Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тыныштыққа қауіп төндіріп тұрған жоқ па?, – деді тілші.

Украинаға қарсы агрессия  оның халқына жасалып жатқан зорлық-зомбылық қана емес, халықаралық жүйенің ішіндегі БҰҰ жарғысындағы қағидаттарға нұқсан келтіріп жатыр. Жалпы әлем бойынша қауіпсіздікке нұқсан келтірілуде. Егемендік және аумақтық тұтастық мәселесіне әсер етіп жатыр,- деді Блинкен.

Блинкеннің айтуынша, Ресей агрессиясына барлық ел қарсы шығуы керек.

Ол Украинаға көмек ретінде қарастырылмауы керек. Жалпы осы қағидаттарды қорғау ретінде қарастырылуы керек. Егер біз оған мүмкіндік берсек, ол әрі қарай жалғасуы мүмкін. Ресей агрессиясын басқа елдерге бағыттауы мүмкін. Басқа елдер оны басқаша түсініп, әр елдің бөлігінде өзінің агрессоры пайда болуы мүмкін. «Ресейдің қолынан келді, біздің де қолымыздан келеді» деуі мүмкін.

Әлем бойынша қақтығыстардың дамуына,ушығуына әкелуі мүмкін. Ешқандай адам тұрақсыз әлемде тұрғысы келмейді. Бұл-өте маңызды. Барлық ел бірлесіп, оны қабылдай алмайтынымызды айтып, оған қарсы бас көтеруі керек,- деп түсіндірді Блинкен.

Өзгелердің жаңалығы