Ресей мен Қазақстан SSJ-100 және МС-21 ұшақтарын жеткізу бойынша келіссөз жүргізуде

21 Ақпан 2021, 17:01
1837
Бөлісу:
Ресей мен Қазақстан SSJ-100 және МС-21 ұшақтарын жеткізу бойынша келіссөз жүргізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей мен Қазақстан SSJ-100 және МС-21 ұшақтарын жеткізу бойынша келіссөз жүргізуде. Бұл туралы журналистерге Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров хабарлады.

Оның айтуынша, қазір Ресей ұшақтардың экспортымен «сыртқы нарықтарға агрессивті түрде шығуды» жоспарламайды, бірақ соған қарамастан мұндай жұмыс жүргізілуде және бірінші кезекте РФ ЕурАзЭҚ нарықтарын қарайтын болады.

Біз Қазақстанмен авиатехниканы жеткізу тақырыбында келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл МС-21 және SSJ-100 - ге қатысты. Біз жақында ғана Қазақстанның вице-премьері Роман Васильевич Склярмен кездестік, онымен әлеуетті қызығушылық туралы және қазақстандық әуе компаниялардың бірі-әлеуетті сатып алушымен келіссөздерге біртіндеп көшу туралы әңгімелестік, - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар ол жеткізу саны мен мерзімі туралы айтуға әлі ерте екенін айтты. 

ТАСС хабарлағандай, Қазақстанның шекара қызметі 2016 жылдан бастап VIP-жиынтықта бір SSJ-100 ұшағын пайдаланады.

Өзгелердің жаңалығы