Алдағы демалыс күндері Ресей Федерациясы мен АҚШ делегациялары Майамиде (Флорида штаты) Украинадағы қақтығысты шешу мәселесі бойынша консультациялар өткізеді деп күтілуде. Бұл туралы американдық Politico газеті дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келіссөздерге Ресей Федерациясы президентінің арнайы өкілі, Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев, АҚШ президентінің Украинаны реттеу жөніндегі арнайы өкілі Стивен Уиткофф және американдық көшбасшының күйеу баласы, кәсіпкер Джаред Кушнер қатысады.
РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков, сондай-ақ Affinity Partners компаниясының негізін қалаушы Джаред Кушнер және АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф осы кездесулерге қатысатыны белгілі болды. Келіссөздерде тараптар Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу бағытында талқылаулар жүргізеді деп күтілуде.