Ресей құрамасы Еуропа чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

16 Маусым 2021, 23:10
1067
Бөлісу:
Ресей құрамасы Еуропа чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей құрамасы футболдан Еуропа чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Топтық кезеңнің екінші турында ресейліктер Санкт-Петербургте Финляндиямен кездесті. Матч тағдырын бір ғана гол шешті. Бірінші таймға қосылған қосымша уақытта Алексей Миранчук бірнеше қорғаушы арасынан алыс бұрышты дәл көздеді. 1:0 - Ресей құрамасы маңызды жеңіске жетті. 

Өзгелердің жаңалығы