Ресей коронавирусқа қарсы тағы төрт вакцина әзірлеуде

17 Тамыз 2021, 05:10
4575
Бөлісу:
Ресей коронавирусқа қарсы тағы төрт вакцина әзірлеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік иммунолог, «KEG» келісімшарттық зерттеу компаниясының бас директоры, медицина ғылымдарының докторы Николай Крючков Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакциналардың жасалуы жайында ақпарат таратты.

Менің ойымша, қазір жасалып жатқан төрт вакцина «дельта», «дельта плюс» штамдарын жоюға жақсы әсер етеді, – деді Николай Крючков.

Оның айтуынша аталған вакциналар жаңа пайда болып жатқан штамдарды жедел жоюға қабілетті. 

Бұған дейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко Sputnik V ресейлік вакцинасының коронавирустың «дельта» штамына қарсы тиімділігі шамамен 83 пайызды құрайтынын айтқан болатын. Ол сонымен қатар вакцинаның коронавируспен ауырғанда 95 пайыз вирустан қорғайтынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы