Ресей Үкіметінің басшысынан коронавирус анықталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ7 Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин өзіне коронавирус диагнозы қойылғанын айтты.</h4>

 1 Мамыр 2020 2020, 01:17
1 Мамыр 2020 2020, 01:17
2180

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин өзіне коронавирус диагнозы қойылғанын айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Коронавирусқа берген сынақтарым оң нәтиже бергені белгілі болды, - деді министрлер кабинеті басшысы президент Владимир Путинмен бейнесұхбат барысында.
Мишустин өзінің бірінші орынбасары Андрей Белоусовты уақытша министрлер кабинетінің басшысының міндетін атқарушы қызметіне ұсынды.
Үкімет әдеттегідей жұмысын жалғастырады. Мен барлық маңызды мәселелер бойынша телефонмен және бейнесюжеттермен белсенді байланыста болуды жоспарлап отырмын. Уақытша Андрей Ремович Белоусовтың кандидатурасын ұсынамын, - деді Премьер-министр.


Наверх