Ресей Каспий теңізі арқылы Таяу шығысқа шығуды көздеп отыр

21 Ақпан 2023, 18:14
1322
Бөлісу:
Ресей Каспий теңізі арқылы Таяу шығысқа шығуды көздеп отыр
Фото: Владимир Андреев URA.RU

Сыртқы экономикалық байланыс кеңейіп, жаңа логистикалық бағыттар құрылады. Ресей президенті Үндістан, Иран, Пәкістан және Таяу Шығыс елдерімен іскерлік ынтымақтастық орнату үшін қадам жасайтынын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мәскеу – Қазан экспресс жолын Екатеринбургке, Челябинск пен Тюменьге дейін, ал болашақта Иркутск пен Владивостокқа дейін жеткізіп, Қазақстанға, Моңғолияға және Қытайға шығу арқылы ұзарту туралы шешім қабылданды, - деді Путин.

Путин оңтүстік-шығыс Азия нарықпен экономикалық байланыстар едәуір кеңейетінін атап өтті. Сондай-ақ  Қара теңіз бен Азов порттарын дамытатынын айтты. Айтуынша, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізіне ерекше назар аударылады.

Биыл «Еділ-Каспий» каналы арқылы кемінде 4,5 м шөгіндісі бар кемелер өтуі мүмкін. Бұл Үндістан, Иран, Пәкістан және Таяу Шығыс елдерімен іскерлік ынтымақтастық үшін жаңа бағыттар ашады. Біз бұл жолды одан әрі дамытамыз, – деді Ресей президенті. 

Өзгелердің жаңалығы