Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина жасауды қолға алды

10 Сәуір 2021, 22:22
1356
Бөлісу:
Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина жасауды қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ ДСМ тұмау ауруларын зерттейтін А. А. Смородинцев атындағы ҒЗИ мамандары коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны жасап жатыр. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді.

Айтуынша, зерттеу жұмысының алғашқы нәтижелері жақында пайда болады.

Аталған мекеменің ғылыми әлеуеті жоғары. Онда диагностикамен айналысатын ғылыми және ғылыми-өндірістік алаңдар бар, - деді министр. 

ҒЗИ директоры Дмитрий Лиозновтың сөзінше, интраназальді қолданылатын вакцина тұмау вирусы негізінде жасалған.

Яғни біз білетін «Спутник V» технологиясына ұқсас келеді. Дегенмен оны жасауда тұмау вирусы негізге алынды. Бұл вакцина басқа отандық вакциналар тәрізді жақсы нәтиже береді деп үміттенеміз, - деді ол.

Клиникалық тәжірибелер күзде басталады деп күтілуде. Бұл препарат қыста немесе келесі жылдың көктемінде қолжетімді болмақ. Лиознов аталған препарат бүкіл Ресей халқымен қоса, басқа елдерді де вирустан қорғануға көмектесетінін атап өтті. 

Мурашко ҒЗИ жасап жатқан вакцина бұрын пайда болған вакциналардан өзгеше екенін айтты. Оның сөзінше, құзыреттілігі әртүрлі өндіріс арналарының іске қосылуы қажетті вакцина қоржынын жасақтау үшін маңызды.  


Өзгелердің жаңалығы