Ресей еріктілерінің кеңесі қазақстандықтарды құттықтады

8 Желтоқсан 2020, 18:29
1764
Бөлісу:
Ресей еріктілерінің кеңесі қазақстандықтарды құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Еріктілер жылының ресми жабылу рәсімі өтті.

Қазақстандық әріптестерін Ресей Федерациясы волонтерлік бастамалар қауымдастығы орталығының төрағасы Артем Метелев бейнеүндеу арқылы құттықтады. 

Қазақстан волонтерлары, сіздерді Халықаралық еріктілер күнімен және Қазақстандағы еріктілер жылының аяқталуымен құттықтаймын. 2020 жыл еріктілер қозғалысы ең күрделі мәселелерді тез және тиімді шешуге көмектесетінін дәлелдеді. Бәрімізге оңай болған жоқ, бірақ біз осы жылы нығая түстік. Ерік-жігер мен қажырлы еңбек және көпжылдық ынтымақтастық пен достық үшін Қазақстан Республикасына РФ Еріктілер қоғамдастығы атынан алғыс айтамын, - деді Метелев.

РФ волонтерлік бастамалар қауымдастығы орталығы төрағасының айтуынша, биыл волонтерлік командаларды одан әрі біріктіру және бірлескен акцияларды іске асыру үшін ҚР  Президентінің қолдауымен волонтерлік кеңес іске қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 600-ден астам волонтерлік ұйым және 100 мыңнан астам волонтер тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы