«Ресей экономикасы өссе, бізге жақсы». Министрлер Қазақстан экономикасы жайлы

10 Қазан 2023, 13:38
1127
Бөлісу:
«Ресей экономикасы өссе, бізге жақсы». Министрлер Қазақстан экономикасы жайлы
Фото: Үкімет

Қазақстан экономикасының өсімі соғысып жатқан Ресейден неге төмен? Бұл сұраққа Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Ұлттық экономика мен Қаржы министрі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев мұның себебін 2022 жылы Ресей экономикасында құлдыраумен байланыстырады. Оның айтуынша, былтыр логистика, тауар өткізу бойынша көп саладан кем қалып, экономика 2 пайызға төмендеген.

Ал биыл олар былтырғы деңгейге әлі жеткен жоқ. Логистика, тауар тасымалы жағынан қазір олар өз экономикасын әртараптандырып жатыр. Қытай, Үндістан, Азия мемлекеттеріне тауарларын шығара бастады. Көп жағдайда мұнай мен газ. Сондықтан олардың экономикасында аздап жандану білінді, - деп түсіндірді Жамаубаев.

Ол ел экономикасы былтыр да 5 пайыз өсімді көрсеткен. Үкімет мүшелері биыл да сол 4,7 пайызға жетіп, былтырғыға жақындаған.

Яғни бізде төмендеу болған жоқ. Пандемия кезінде де бізде экономикалық өсім болған. Алдымызда тұрған мақсат, Президенттің де қойып отырған тапсырмасы – орта мерзімде 6-7 пайызға дейін өсу. Үлкен инвестициялар келсе, салық көбейеді. Сол кезде халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік туындайды, - деді Қаржы министрі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров былтыр соғыс басталғаннан кейін де Қазақстан экономикасы өскенін айтты.

Біздің мақсат – жалпы ішкі өнімді, жалпы экономиканы екі есе көтеру. Жеті жылдың ішінде соны көздейміз. Біздің экономика 2023 жылы жалпы экономика 225 млрд долларға жетті. Енді оны кемі 450 млрд долларына көтеру мақсатымыз бар. 2030 жылға дейін экономиканы 475 млрд долларына дейін көтереміз. Кемінде 6-7 пайызға өсу керек. Ресейде оң өсім болса, ол бізге де жақсы. Себебі экономикаларымыз байланысты, - дейді Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы