Ресей ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге түсетін баждың 85%-ын ала бере ме? – министр жауап берді

5 Қыркүйек 2024, 11:37
805
Бөлісу:
Ресей ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге түсетін баждың 85%-ын ала бере ме? – министр жауап берді
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге төленетін баж салығының 85 пайызы Ресейге түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алайда Ресей мен Украина арасындағы соғыстың басталуы, Ресейге санкцияның салынуы сауда тізбектерінің айтарлықтай өзгеруіне әкелді. Қазір сауда айналымының көп бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Осы орайда, БАҚ өкілі Сенат кулуарында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтен "Салық бөлінісін қайта қарау бойынша бастама көтеріле ме?" деп сұрады.

Ахуал өзгерді. Қазіргі таңда баж салығының пропорцияларын өзгерту керек. Өзгерту үшін біз жаңа методология дайындап жатырмыз. Осы мәселе қараша айында қарастырылатын болады, – деді министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дәмханалар мен мейрамханаларда қызмет көрсетуге төленетін 10% алынып тасталатыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы