Ресей бүгіннен бастап уақытша бітім жариялады

Бұл шешім Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеуге байланысты қабылданған.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 00:10
Бүгiн 2026, 00:10
171
Фото: depositphotos.com

Ресей тарапы бүгін, 8 мамыр сағат 00:00-ден 10 мамырға дейін уақытша бітім жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шешім Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеуге байланысты қабылданған.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бітім Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығына сәйкес енгізілді.

Ведомство бұл қадам мерекелік күндерде әскери әрекеттерді уақытша тоқтатуға бағытталғанын атап өтті.

Наверх