Ресей Үкіметінің басшысы Елбасының тезірек сауығуын тіледі

18 Маусым 2020, 21:49
1501
Бөлісу:
Ресей Үкіметінің басшысы Елбасының тезірек сауығуын тіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, көлік, инвестиция және басқа да салалардағы Қазақстан – Ресей екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ, ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ COVID-19-дың таралуына қарсы бірлескен іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Ресей Үкіметінің басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, тезірек сауығуын тіледі.

Өзгелердің жаңалығы