Ресей банктері SWIFT желісінен ажыратылды

27 Наурыз 2022, 14:28
1512
Бөлісу:
Ресей банктері SWIFT желісінен ажыратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей банктері ресми түрде SWIFT жүйесінен ажыратылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешім сенбі күні заңды күшіне енді.

SWIFT төлем жүйесі арқылы бүкіл әлемнің банктері ақша аударымы туралы келісімдерді растайтын, қаржы құжатттарын жіберіп, қабылдайтын қауіпсіз жүйе. 

Өткен айдың соңында АҚШ, Канада мен Еуропа елдері Ресей банктерін SWIFT-тен ажыртатынын мәлімдеген. Енді сенбіден бастап көрші елдегі ВТБ Банк, Сбербанк сияқты ірі қаржылық ұйымдар SWIFT арқылы транзакция жасай алмай отыр.

Өзгелердің жаңалығы