Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ресей әуежайында екі полицейге қол көтерген 74 жастағы қазақстандық әйел қамауға алынды

Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Ресейде сот Орынбор әуежайында полицейлерге қол көтерген 74 жастағы қазақстандық әйелді қамауға алды. Бұл туралы Орынбор облыстық соты мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот мәліметінше, зейнеткер әйел Ресейге автокөлікпен кіріп, қызына бара жатқан. Әрі қарай ол ұшаққа отырмақшы болған. Қол жүгін тексеру кезінде ол 5 литрлік май құтысын алып өтпек болған.

Жүк тасымалдау ережелері түсіндірілгеннен кейін әйел агрессия танытқан. Содан кейін зейнеткер екі полиция қызметкеріне қол көтерген, – деп хабарлады сотта.

Сотта әйел өз кінәсін мойындамаған. Сот әйелдің жасын ескере отырып, бұған дейінгі өтінішті қарауды кейінге қалдырып, кепіл немесе үйқамақ сияқты балама бұлтартпау шараларын ұсынған.

Алайда зейнеткер әйелдің тұрғылықты жерінен және уақытша ұстау изоляторынан алынған мінездемелері қоғамдағы қабылданған нормалар мен тәртіпке бағынғысы келмейтінін көрсетті. Жеке тұлға туралы жиналған мәліметтер және зейнеткердің Ресейден тез арада кетуге ниеті туралы жедел ақпаратқа сүйене отырып, сот қазақстандық әйелді 2 айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасын шығарды, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы