Репрессия құрбандарын ақтау үшін шетелдік мұрағаттарға қолжеткізу мәселесі шешілген бе?

9 Сәуір 2021, 16:30
1406
Бөлісу:
Репрессия құрбандарын ақтау үшін шетелдік мұрағаттарға қолжеткізу мәселесі шешілген бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысы туралы брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.

Оның айтуынша, репрессия құрбандарын ақтауға қажетті кей құжаттар көршілес мемлекеттердің мұрағаттарында болуы мүмкін.

Бұл негізінен көршілес Ресей Федерациясының мұрағаттары. Бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер министрлігіне арнайы тапсырма берілді. Олар ұйымдастыру жұмыстарына қатысты нақты шешім шығарады. Осы орайда эпидемиологиялық жағдай да ескерілуі ықтимал. Мемлекеттер арасында осы мұрағаттарға қолжеткізу мәселесін шешу жөніндегі келіссөздер жүргізіледі. Ғалымдардың өзге мемлекеттің мұрағаттарымен жұмыс істеудің заңды ғана емес, қаржылық мәселесі де шешілетін болады, -деді Ералы Тоғжанов.

Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы елде көп құжат құпия белгісімен сақтаулы, бұл ақтау жұымысына кедергі келтіруде деген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмысы туралы брифинг өтті. Оның барысында репрессия құрбандарын ақтауға 57 ғалым тартылатындығы айтылды.

Өзгелердің жаңалығы