Рэп оқыған Зайытов жаңа Премьер-министр жайлы ойын айтты

8 Ақпан 2024, 12:11
3363
Бөлісу:
Рэп оқыған Зайытов жаңа Премьер-министр жайлы ойын айтты
VIDEO
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «ХабарLike» бағдарламасында жаңа Үкімет құрамы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тікелей эфирде депутат жаңа Үкімет құрамына көзқарасы қалай екенін айтты.

Бекенов мырзаның (Премьер-министр – ред.) жасы және саяси кеңестік тәрбиені көрмегені бірдеңе жасайтын шығар деген үміт береді. Бұл кісінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте жұмыс істегенін көрдік. Онда нәтиже болған жоқ деп айта алмаймыз. Жақсы нәтижелі жұмыстар болды. Президент басқармасында жұмыс істеді. Енді менің ойымша, Үкіметке кризис менеджер ретінде жастық жігерін, жалынын көрсетсін деп жіберген шығар. Үміт бар, - деді Зайытов.

Сонымен қатар депутат бағдарламада рэп оқып берді. Ол депутат ретінде қызметін аяқтаған соң өнерге қайта келетінін қоса кетті.

10 ақпанда Ринат Зайытовтың жеке поэтикалық шығармашылық кеші өтеді.

Өзгелердің жаңалығы