Рекорд орнады: Қазақстан халқының өмірі 8 жасқа ұзарды

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетті.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 14:44
Бүгiн 2026, 14:44
223
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды. Бұл туралы ДСМ мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер болғанын көрсетеді. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы ( КӨҰ) 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекордты құрады, - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Министрліктің дерегінше, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1991 жылы өмір ұзақтығының орташа көрсеткіші 67,6 жасты (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23) құраған. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.

Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – инфекциялық емес аурулармен (ИЕА) күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар. 2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді. Бұл көрсеткіш ДДҰ-ның Еуропалық жұмыс бағдарламасының нысаналы индикаторы болып табылады. Оң динамика денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және өлімді төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айғақтайды, - делінген ведомство хабарламасында. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде елдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу жөнінде өршіл мақсат қойып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қай жерде ұзақ өмір сүру мүмкіндігі жоғары екенін жазған едік. 

Наверх