Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыста жеңіске жетті

7 Мамыр 2021, 01:27
2863
Бөлісу:
Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыста жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық регбишілер Қырғызстанда халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жеңіс күніне арналған халықаралық бәсеке регби-7 бойынша ұйымдастырылды. 

Аталған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан бірнеше командалар қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстанның қос командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстан құрамасы аталған жарыста қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Алматының «Азияспорт-Динамо» мен Өзбекстан құрамасы арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Жартылай финалдық кездесуде алматылық команда 19:7 есебімен ұтылып жатып, қосымша уақытта 24:19 есебімен жеңісті қарсыласынан жұлып алды. Ал финалда алматылық команда мен Қазақстан құрамасы кездесіп, Қазақстан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Үшінші орынға өзбекстандық құрама ие болса, Қырғызстан командасы төртінші орыннан көрінді.

Өзгелердің жаңалығы