Референдумның түрі көп...

30 Сәуір 2022, 19:43
2102
Бөлісу:
Референдумның түрі көп...

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы суперпрезиденттік дәуір президенттік дәуірмен алмасады. Өзгерістер басталып та кетті.

"Дикая Азия" телеграм арнасының мәлімдеуінше, айтулы сәттердің бірі — "Халық бірлігі — жаңарған Қазақстан негізі" күн тәртібімен жарияланған референдум болып отыр.

Рефрендум қазақстандықтардың игілігін мақсат тұтып отыр. Ол Қырғызстанда немесе Түркиядағыдай биліктің ұстанымын күшейтуді міндет етпейді және ресейлік науқандарға да ұқсамайды.

Болашақ референдумның діттегені бұдан да қызығырақ: Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізу. Бұл автократиялық жүйенің табиғатын түбегейлі өзгертеді. Ал оны қантөгіссіз революция емес, демократияның эволюциялануы деп айтуға болады. Елде соңғы түбегейлі өзгерістерді көздеген референдум 1995 жылы өткені белгілі. Президент өз сөзінде референдум өткізу әр қазақстандыққа "мемлекет тағдырының шешілуіне тікелей қатысуға" мүмкіндік беретіндігін және "жан-жақты демократиялануды" нығайтуға жол ашатынын басып айтты. Лайым солай болғай! - деп жазды телеграм арнасы.

Өзгелердің жаңалығы