Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

6 Маусым 2022, 10:40
3789
Бөлісу:
Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның алдын ала қорытындысын жария етті.

 Рефрендумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысу азаматтар саының 68,06 пайыз. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады, - деді Әбдіров.

Ол атағандай, Конституцияға өзгерістер енгізуді халықтың 77,18 пайызы қолдады. 

Референдумға қатысуға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайыз болды. Ал бұл 6 163 863 адамға тең. Бұл 17 өңірдегі дауыс бершілердің көпшілігін  құрап отыр. Осылайша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың кемінде үштен екісінде қолдау қажеттігі туралы конституциялық заң талабы сақталды. Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың жалпы саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызы немесе 1 490 475 адам болды, - деді Нұрлан Әбдіров. 

Әбдіров атағандай, республикалық референдумның соңғы қорытындысы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгілі болады. Ол туралы алдын ала хабар беріледі.  

Өзгелердің жаңалығы