Референдумға қандай құжаттар бекітілді?

6 Мамыр 2022, 16:08
2528
Бөлісу:
Референдумға қандай құжаттар бекітілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық референдум комиссиясының екінші отырысында 2022 жылы 5 маусымға тағайындалған референдум құжаттарының нысандарын белгілеу туралы қаулы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 21-бабының 1-тармағының бірінші және жетінші тармақшаларына сәйкес орталық референдум комиссиясы дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысандары мен мәтіндерін, сайлаушылар тізімін, референдум өткізу үшін қажетті өзге де құжаттарды, референдум құжаттарын сақтау тәртібін белгілейді, – деді Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров өз сөзінде.

Республикалық референдум өткізу жөніндегі құжаттардың сегіз қосымшасы белгіленді. Оған республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімі, учаскені ашу туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы, дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік референдум комиссиясының хаттамасы, дауыс беру нәтижелері туралы аумақтық референдум комиссиясының хаттамасы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасы сияқты қосымшалар кіреді.    

Алдағы науқан құжаттарының негізгі нысандары бекітілді. Облыстардың, республикалық нысандары бар қалалардың және республика астанасының аумақтық комиссиялары қажетті құжаттар нысандарын өңірдің учаскелік комиссияларына жеткізуді қамтамасыз етсін, – деп тапсырды Орталық референдум комиссиясы төрағасы.   

Өзгелердің жаңалығы