Референдумға дайындық Бельгияда қалай жүріп жатыр?

26 Мамыр 2022, 20:45
1909
Бөлісу:
Референдумға дайындық Бельгияда қалай жүріп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды өткізуге дайындық Брюссельдегі 241 сайлау учаскесінде қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осы елде тұратын немесе уақытша жүрген отандастарымыз үшін Бельгиядағы Қазақстан елшілігі ғимаратының есігі айқара ашық. Мұнда 5 маусымда таңғы 7-ден оқу орындарында оқитын студенттеріміз, дипломаттар мен отбасы мүшелері, сондай-ақ қызметтік немесе туристік сапармен барғандар келе алады. Денсаулығына байланысты  келе алмайтындар үшін жылжымалы жәшік әзірленген. Оны учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үйге дейін апарады. 

Қазіргі есеп бойынша Бельгиядағы референдумға Қазақстанның 200-ге жуық азаматы қатысуы мүмкін. Басқа да отандастарымыз болса, біздің консулдық бөлімшеге хабарласуын сұраймыз. Алдағы референдум туралы ақпаратты Фейсбук пен интернет-порталымыз және смс хат арқылы таратып жатырмыз. Мемлекет басшысы қолға алған реформалар мен Конституцияға өзгерістер енгізу бастамасы азаматтарымыздың үлкен қызығушылығын тудырып отыр, сондықтан көп адам келеді деп күтеміз, – деді Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Сұлтанғожин.

Өзгелердің жаңалығы