Референдум – Жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы қадам

5 Маусым 2022, 10:57
1146
Бөлісу:
Референдум – Жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы қадам

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетау қаласының тұрғындары да жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Ақмола облыстық сайлапу комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Баталовтың айтуынша, өңірде 218 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

№ 19 сайлау учаскесінде халық қарасы көп болды. «Көкшетау» мәдениет сарайы аумағының тұрғындары учаскеге бірінші болып келді. Көптеген тұрғындар отбастарымен бірге келіп жатыр.

Тұрғындардың белсенділік танытарына сенімдімін. Өйткені бүгін  еліміз үшін маңызды күн. Әрбір қазақстандық өз таңдауын жасап, республиканың одан әрі дамуы үшін дауыс беруі тиіс. Ата заңдағы өзгерістер халықтың өмірін жақсартуға бағытталған, - деп атап өтті қала басшысы Бауыржан Ғайса.

Жазушы, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиев референдумның ел дамуы мен жаңа Қазақстанды құрудағы маңыздылығын атап өтті.

Жаңа Қазақстанды құра отырып, біз соңғы 30 жылдағы кемшіліктерді халықпен талқылап, жаңа мақсаттар қоя отырып, ұғынғымыз келеді. Бұл үшін, ең алдымен, елдің Негізгі заңын өзгерту қажет. Қолданыстағы Конституциясында 99 бап бар, оның 33-іне өзгерістер енгізілетін болады, - деп еске салды Жабал Ерғалиев.

«AMANAT» партиясы Көкшетау аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Зәуреш Нұрымова республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Бәрі дұрыс жүріп жатыр. Сайлаушыларға  пікірін білдіру құқығы қамтамасыз етілді. Учаскелерде көптеген бақылаушы – түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Ешкім дауыс беруге кедергі келтірмейді. Жергілікті сайлау комиссиялары лайықты жұмыс істеп жатыр, - деді Зәуреш Нұрымова.

Көкшетау қалалық «Степной маяк» газетінің редакторы Евгений Кимов референдумға қатысты пікірін білдірді.

Біз осы уақыт ішінде Ата заңға енгізілген барлық өзгеріс бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Енді таңдау жасайтын, азаматтық белсенділік танытатын уақыт келді. Референдум өткізу – Жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы қадам, – дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы