Референдум Қазақстан халқын біріктірді - сарапшы

5 Маусым 2022, 14:53
1284
Бөлісу:
Референдум Қазақстан халқын біріктірді - сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдағы жаңғыртудың күн тәртібі әу бастан, яғни 2019 жылдан бастап, халықты қоғамдық дамуға тартуға бағытталды. 

Негізгі идея – азаматтардың елде болып жатқан барлық үдерістерге жай ғана көрермен болып қана қоймай, олардың белсенді қатысушысы болып, өз тағдырын шешуге атсалысуы керек, дейді Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Дарина Даненова.

Кезең-кезеңімен ұлттық қоғамдық сенім кеңестерінен бастап, түрлі қайта құрулар ұсынылып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және азаматтарды қоғамдық өмірге қатысуын арттыратын әкімдерді сайлау кері байланысқа негіз болды. Бұл кезеңде Парламентте түзетулерді қарауға болар еді, бірақ референдум өткізу азаматтық сананы оятуға бағытталған тағы бір қадам, - дейді Дарина Даненова.

Сол себепті барша қазақстандықтардың референдумға қатысуы дауыс беру құқығын жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар халықтың қызығушылығын танытуы үшін, ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнына назар аударуы үшін жағдай жасау болып табылады. 

Психолог ретінде бұл азаматтық қоғамды дамыту үшін маңызды қадам деп ойлаймын. Жақын арада да, болашақта да оң нәтижелерін сезетініміз анық. Ал бүгінгі сайлау учаскесінде болып жатқан жағдайға келсек, мен таңертең дауыс беруге қатысып, азаматтардың белсенділігін көрдім. Әрине сағат 8.30-да әлі кезек болған жоқ, бірақ адамдар келіп жатты. Дауыс берушілерге жол сілтейтін еріктілер, бақылаушы ретіндегі қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері болды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы