Референдум. Халық саяси науқанға қатысуға қаншалықты дайын?

20 Мамыр 2022, 17:18
2085
Бөлісу:
Референдум. Халық саяси науқанға қатысуға қаншалықты дайын?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жаңа Қазақстан» жалпыхалықтық референдумын өткізуге еліміз қызу дайындалып жатқаны белгілі. 5 маусым күні ел көптен күткен саяси науқан орын алады.  


Осы орайда жұртшылық референдумға қатысуға қаншалықты дайын екендігі туралы  пікірлерін білдірген еді. 

Бәрінің жүрегінде – бір үміт. Өзгеріс болады деп үміттенеміз. Халықтың жағдайы жақсарады деп сенеміз. Референдумды толықтай қолдаймын, - дейді ақсақал. 

Сондай-ақ қабылданатын заң, енгізілетін өзгерістер ешкімді алаламай, баршаға бірдей болуы тиіс деп отыр. 

Референдумға қатысамын, қолдаймын. Заң халыққа да, қараға да, ханға да бірдей болуы керек. Конституция осыны көздеп отыр. Сондықтан референдум өткізу дұрыс деп есептеймін, - деп атап өтті пікір білдіруші. 

«Референдумға міндетті түрде қатысамыз» дегендердің арасында басым көпшілігі саяси оқиғаға белсенді үлес қосуға асығып жүр. 

Иә, референдумға барамын деп өзім үшін шешім қабылдадым. Жаңа Қазақстан үшін! – деді олардың бірі. 

Референдумға дауыс беруге барамын. Өйткені ол жерде біздің Жаңа Қазақстан құрылу үшін қажет жаңа заңдар қабылданады. Жаңа Қазақстанның құрылғанын қалап, референдумға барып дауыс беремін, - дейді жастардың өкілі. 

Ал көпшілік Жаңа Қазақстан құруды әркім өзімізден бастау керек деп санайды. 

Жұртшылық саяси науқан ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге алып келетініне сенеміз деп отыр. 

Заңға жаңа жаңалықтар енгізу керек. Басшылыққа емес, халыққа жағатындай заң қабылдануы тиіс, - дейді ақсақал.

Сонымен қатар референдумға қатысуға ниет білдіріп отырғандардың қатарына күн санап толығып келеді. 

Әрине, референдумға қатысамыз. Қазақстанымыз жаңару жолында. Жақсылықтар, өзгерістер болып жатыр. Өзгерістер болу үшін бар ынтамызды салып, Конституциямызға өзгеріс енгізу үшін бұл науқанға бір кісідей барамыз, - дейді тұрғындардың бірі. 

Сондай-ақ халық бұл референдумнан үміт күтеді. 

Әділдік болғанын қалаймыз. Сот органдарының жүйесі, партия өкілдері халықтың жағдайын дұрыстап жасаса деген тілегіміз бар. Референдумға дауыс беруге барамыз, - деп атап өтті жастар өкілі.

Еске сала кетейік, Ата заң – Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді діттеген референдумды өткізуге дайындық қызу жүріп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы