Реал Мадридтің екі ойыншысы төбелесті: Футболшылар мәлімдеме жасады 

Клубта тәртіптік тергеу басталды.

 Instagram/aurelientchm Кеше 2026, 11:22
Кеше 2026, 11:22
268
Фото: Instagram/aurelientchm

Испанияның Реал Мадрид клубында жанжал шығып, жартылай қорғаушы Федерико Вальверде бас жарақатын алды. Оқиға жаттығу кезінде командаласы Орельен Тчуамениімен болған жанжалдан кейін болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Клубтың ресми мәлімдемесінде екі футболшыға қатысты тәртіптік іс қозғалғаны айтылды. Алайда мадридтік клуб нақты төбелес болғанын немесе жанжалдың қалай өрбігенін ашып көрсетпеді.

Батыс басылымдарының мәліметінше, оқиғадан кейін Вальверде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның басынан жарақат алғанын анықтаған. Кей ақпарат құралдары футболшының маңдай тұсына тігіс салынғанын және бірнеше күн толық тынығуы қажет екенін жазып жатыр.

Оқиғаға байланысты түрлі нұсқа тарады. Кей инсайдерлер футболшылар арасында киім ауыстыратын бөлмеде жанжал шығып, арты физикалық қақтығысқа ұласқанын айтуда. Ал Вальверденің өзі әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, “жұдырықтасқан жоқпыз” деп түсіндірді. Оның сөзінше, эмоцияға беріліп, үстелге соғылып қалған. Сонымен қатар ол Тчуамени өзін ұрмағанын айтты.

Қазір футболшының жағдайы тұрақты екені хабарланды. Дегенмен дәрігерлер оған біраз уақыт жаттығудан шет қалуға кеңес берген. Испаниялық БАҚ Вальверденің алдағы маңызды матчтардың бірін өткізіп алуы мүмкін екенін жазуда.

Наверх