«Реал Мадрид» қазақстандық суретшінің жұмысын ресми парақшасында жариялады

29 Наурыз 2021, 11:37
1260
Бөлісу:
«Реал Мадрид» қазақстандық суретшінің жұмысын ресми парақшасында жариялады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мадридтік «Реал» футбол клубы қазақстандық суретші, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Қанат Нұртазиннің жұмысын Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

Суретші жапыраққа клуб логотипі мен команда капитаны Серхио Рамостың бейнесін ойып жасаған. Ал парақшадағы видеоның астына «Бұл таңғаларлық» деп жазылған. Клуб жанкүйерлері де суретшінің бұл туындысына ерекше ықыластарын білдіріп, пікір қалдырған. 


Айта кетейік, Қанат Нұртазин 2020 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Ол, сонымен қатар, «Бейнелеу өнерінің 100 әдісі» жобасының авторы. Суретші бұған дейін халықаралық Nickelodeon балалар телеарнасы және Disney телекомпаниясымен жұмыс істеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы