«Реал» Чемпиондар лигасының ақтық сынында жеңімпаз атанды

29 Мамыр 2022, 11:46
1205
Бөлісу:
«Реал» Чемпиондар лигасының ақтық сынында жеңімпаз атанды
Фото: Instagram/realmadrid

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Реал» Чемпиондар лигасының ақтық сынында «Ливерпульді» жеңді. Осылайша, испаниялық команда аталған лиганың 14-ші мәрте жеңіс туын желбіретті. 

Ағылшындық «Ливерпульді» сан соқтырған «реалдықтар» 2021-2022 маусымның жеңімпазы деп танылды. 

Тартысты кездесу Париж маңындағы Сен-Дениде өтті. Ойын 1:0 есебімен аяқталды. 59-шы минутта шешуші голды Винисиус Жуниор соқты. 43-шы минутта «Реал» шабуылшысы Карим Бензема «Ливерпуль» қақпасына доп соққанымен, төреші Клеман Тюрпен ұпайды офсайд салдарынан есепке алмады.

«Реал» Чемпиондар лигасында 14 жеңісіне қол жеткізіп, турнирдің рекордын орнатып отыр. Мадридтік клуб сегізінші рет қатарынан басты еурокубоктың ақтық матчын жеңді.  

Өзгелердің жаңалығы