Әрбір теңгені экономикаға салу керек – Мамин

9 Маусым 2020, 10:57
934
Бөлісу:
Әрбір теңгені экономикаға салу керек – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Елімізде төтенше жағдайдың аяқталғанына бір айға жуық уақыт өтті. Карантиндік режим кезеңдеп жеңілдетілуде. Қазіргі кезде экономикалық жағдай тұрақталуда. Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 5,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 4,9%-ға, оның ішінде машина жасау – 18,5%-ға, фармацевтика – 21,2%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 10,8%-ға, құрылыс материалдарын өндіру – 12,3%-ға өсті. Құрылыс көлемі 5,9%-ға өсті, сауда балансының оң сальдосы қамтамасыз етілді, - деді Асқар Мамин.

Премьер-министрдің айтуынша қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік қарқынды саласына келітірліп жатыр. 

Мамыр айында сәуірмен салыстырғанда сауда (+28,3%), көлік секторында (+20,7%) және халыққа қызмет көрсету (+28,8%) саласында айтарлықтай өсім байқалды, - деді ол. 

Мамин айтқандай Үкімет қысқамерзімде экономиканың дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіруі керек. 

Біздің міндетіміз – қысқармерзімде экономиканың дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіру. Бұған экономиканы қолдау және осы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша біз қабылдаған шұғыл шаралар ықпал етуі тиіс, - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ Үкімет басшысы өңірлердің экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, отандық өндірісті барынша қолдау, инвестициялар тарту, экспортты ілгерілету, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша барлық   шараларды белсенді түрде қабылдау қажеттігін атап өтті. 

Қазіргі жағдайда бюджет қаражатын ұтымды әрі тиімді жұмсау қажет. Әрбір теңгені экономикаға салу керек, — деді Мамин.

Оған қоса Асқар Мамин жарты жылдың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жұмысының тиімділігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы