Райымқұлова Қарақатты құттықтады

30 Қараша 2020, 21:21
1516
Бөлісу:
Райымқұлова Қарақатты құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова XVIII «Балалар Евровизиясы» əн байқауында екінші орын алған Қарақат Башанованы құттықтады.

Дарынымен талайды тамсандырған Қарақат Башанованы «Балалар Евровизиясы» əн байқауында 2-орын алуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіз дəстүрлі əн байқауында сəтті өнер көрсетіп, Қазақстан жас өнерпаздардың шоғырына айналып келе жатқанын паш еттіңіз. Сіз орындаған Forever əні және оның тарихы сілтідей тынған миллиондаған телекөрерменнің жүрек қылын шертіп, зор ықыласқа бөленді,-делінген министрдің құттықтау хатында.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты барлық қатысушы өз еліндегі студияда өнер көрсетті. 12 жастағы отандасымыз 152 ұпай жинап, екінші орын алды.

Forever əні Қарақаттың осыдан 5 жыл бұрын қайтыс болған əкесіне арналады.

Туындының авторы6 танымал композитор Хамит Шанғалиев. Хамит өткен жылы осы байқауда бақ сынаған Ержан Максимнің «Арманыңнан қалма» əнінің де авторы.

Өзгелердің жаңалығы