«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII Съезінде жаңа президиум төрағасын сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл қызметке президенттің экс-көмекшісі Қанат Шарлапаев тағайындалып, Райымбек Баталов өз міндетінен кетті.
Қанат Шарлапаев Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген, сонымен қатар Cranfield School of Management (Ұлыбритания) магистрлік дәрежесін қаржы және басқару саласында алған.
Еңбек жолын халықаралық қаржы секторында бастаған. 2006-2015 жылдары Citi инвестициялық банкінде (Ұлыбритания, Чехия, Лондон) қызмет етіп, қаржы департаментінің маманынан бастап Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау вице-президенті дәрежесіне дейін көтерілген.
2015-2022 жылдары Ситибанк Қазақстан және Ситибанк Ресей компанияларында түрлі басшылық қызметтер атқарды.
2022 жылғы ақпаннан бастап мемлекеттік қызметке ауысты: «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі, кейін Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрі (2023-2025) болды.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылған еді.